АҚШ ковид үшін Қазақстанға қаржы береді

0

АҚШ үкіметі АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанға Covid-19 індетімен күреске көмектесу мақсатында 2,4 миллион доллар бөлетінін жариялады. Бұл ақпаратты АҚШтың Қазақстандағы елшілігі таратты деп хабарлайды Азаттық радиосы.

АҚШ елшілігінің мәліметінше, бұл көмек нақты жағдайларға қарай вакцина бөлу, вакцина туралы жалған ақпараттармен күресу, коронавирусқа қарсы зертханаларды күшейту, Қазақстанның вакциналарды жеткізу және пайдалану деңгейін көтеру үшін беріледі.

-Қазақстанға коронавирус індеті басталғалы 6,8 миллион доллар көмек берілді, бұл қаржы соған қосылады,- дейді АҚШ елшілігі.

Елшілік таратқан ақпаратқа қарағанда, АҚШ Қазақстанға 2 миллиард доллар, соның ішінде туберкулез бен СПИД-тің алдын алу, күресу секілді денсаулық сақтау бағдарламаларын қолдауға 92,8 миллион доллардан астам қаражат бөлген.