АҚШ конгресіне мүше 102 әйел
АҚШ конгресі өкілдер палатасының жаңа құрамында 102 әйел бар. Бұл мемлекет тарихында болмаған рекордтық көрсеткіш. Өкілдер палатасына тұңғыш рет тегі үндіс екі әйел мүше болды. Сонымен бірге тарихта алғаш рет конгреске мұсылман әйелдер сайланды. Солардың бірі Ильхан Омар бұдан 23 жыл бұрын Сомалиден АҚШ-қа қоныс аударған, 42 жастағы Рашида Тлаибтың шыққан тегі палестиналық. Конгресс тарихындағы ең жас әйел атанған Александриа Окасио-Кортестің жасы 29-да. Ал өкілдер палатасы спикері болып Демократиялық партия өкілі Нэнси Пелоси сайланған. («Настоящее время» видеосы — орысша.)
Дереккөз: Азаттық