АҚШ ядролық сынақтарға тыйым салу шартынан шығуға дайындалып жатыр – Захарова
Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова АҚШ Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарттан шығуға дайындалып жатқанын мәлімдеді
Захарова, сондай-ақ, америкалық тарап іс-қимыл алгоритмін бірнеше мәрте пысықтағанын атап өтті: «Алдымен, басқалардың атына ойдан құрастырылған айыптаулар айтылады, кейін әкімшілік нақты қадамдар жасайды».
Мария Захарованың айтуынша, осылайша қоғамдық пікір АҚШ билігінің шешім қабылдауына дайындалады. Еске сала кетсек, Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шартқа 1996 жылы қол қойылған болатын. Бірақ, Ресейден айырмашылығы, бірқатар мемлекет, соның ішінде АҚШ және ҚХР шартты ратификациялаған жоқ.
Тағы оқыңыз: Орталық Азия мен Кавказдағы биозертханалар: көзделген мақсат пен мүдде қандай?
Ядролық қаруы бар мемлекеттер өздеріне сынақ жүргізбеу туралы міндеттеме алды.
Бұған дейін Washington Post газеті АҚШ президентінің әкімшілігінде 1992 жылдан бергі алғашқы ядролық сынақ өткізу мүмкіндігі талқыланып жатқанын хабарлаған еді.
sputniknews.kz