АҚШ елшісі: «Санкциялардың Қазақстанға әсері болмау үшін әрекеттеніп жатырмыз»
Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер Ресейге қатысты санкциялардың Қазақстанға әсері туралы пікір білдірді.
«Ресейдің іс-әрекетін өзгерту үшін осы санкция шараларын қабылдағанымызды айтқым келеді. Мұнда бір нәрсені атап өту керек: олардың біздің сайлауға және мемлекеттік ақпаратқа араласу сияқты әрекеті болды. Бірақ Қазақстанға қатысты бұл санкциялардың міндетті салдарын болдырмау үшін біз Қазақстанда жұмыс істедік және жұмыс істей береміз де. Біз бұл санкциялардың Қазақстанға әсер еткенін қаламаймыз», — деді У. Мозер АҚШ елшілігінде өткен брифингте тілші сұрағына берген жауабында.
Бұған дейін елші Қазақстан мен АҚШ арасындағы 30 жылдық дипломатиялық қарым-қатынастар туралы пікір білдірген еді.