АҚШ азаматтарына Қазақстандағы наразылық жайлы ескертті

0

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі өз азаматтарына Қазақстандағы наразылық акцияларына байланысты сақ болуды ескертті. Елшілік ресми сайтында жариялаған хабарламада «демонстрациялар мен қоғамдық қауіпсіздікке қатысы бар өзге де оқиғалар әдетте тосыннан болатындықтан», Қазақстандағы АҚШ азаматтарына «аса қырағы болуға және бұл елге саяхаттаған кезде жағдай туралы хабардар болуға» кеңес берген.

АҚШ елшілігі азаматтарына наразылық акциялары «өтуі ықтимал орындардан аулақ жүру үшін жергілікті жаңалықтарға құлақ түру жүруге» және «көп адам жиналған жерге аяқ астынан тап болған» жағдайда «сақтық танытуға» кеңес берген.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өткен 9 маусымнан бері наразылық байқалып отыр. Сайлау күні және 10 маусымда негізінен Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүздеген адамды ұстады. 12 маусымда кешке Алматының орталығында жаңа акциялар болуы мүмкін деген ақпарат тараған.

Куәгерлердің сөзінше, Алматыдағы осыған дейін наразылар жиналған «Астана» алаңында полиция қарасы көбейгені байқалады, бірнеше адамды полиция ұстаған.

Azattyq