АҚШ әскері Сүлеймани өлтірілген күні Йеменде оның орынбасарына да шабуыл жасаған
АҚШ ирандық Ислам революциясы сақшылар корпусының элиталық жасағы жетекшісінің орынбасары Абдул Резу Шахлаиға шабуыл жасап, шабуыл сәтсіз аяқталған. Бұл ақпаратты New York Times және Washington Post газеті және атын атамаған америкалық шенеуніктер сөзіне сілтеме жасаған ABS хабарлады.
Шахлаи АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрығымен Бағдат әуежайында өлтірілген «Құдс күштерінің» қолбасшысы Касем Сүлейманидің орынбасары болған. Ол бөлімді қаржыланыру ісіне және негізгі әскери операцияларға жауапты саналады. Желтоқсан айында АҚШ мемлекеттік департаменті оның активтері, байланысы мен айналасы туралы ақпарат бергендерге 15 миллион долларлық сыйақы тағайындаған.
Басылымның жазуынша, Шахлаиға шабуыл Сүлеймани өлтірілген күн яғни, 3 қаңтарда Йеменде жасалған. Шахлаи Йеменде ресми билікке қарсы күрескен шииттік ереуілшілерге қолдау көрсеткен. Бұл топты Иран қолдайды. ABC News жазуынша, Шахлаи жетекшілігімен күзде ереуілші-хуситтер әлемдегі ірі мұнай компанияларының бірі Saudi Aramco зауыттарына шабуыл жасаған. Ақ үй сонымен бірге Шахлаи 2011 жылы Вашингтонда АҚШ-тың Сауд Арабиясындағы елшісіне шабуыл жасады дейді.
Оқи отырыңыз: Иран құпия күштерінің отыз жылғы іс-әрекеті
Пентагон ақпаратқа байланысты әзірге түсініктеме бермеді. Бұған дейін конгрестің өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси және бірқатар демократтар Сүлейманиге шабуылды сынаған. Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ-та террористік ұйым деп танылған.
Оқи отырыңыз: АҚШ-Иран арасындағы жағдай енді қалай өрбиді?