Ақсайда ер адамды атып кеткендер ұсталды
2018 жылғы 14 желтоқсан 03:40 356
ОРАЛ. ҚазАқпарат — Ақсай қаласында бұдан үш жыл бұрын ер адамды атып кеткендер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 2015 жылы ер адамның өз үйінің ауласында болған еді. Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі кезде полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес (кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсай қаласында белгісіз біреулердің ер адамды атып кеткенін жазған болатынбыз. Марқұм ақша айырбастаумен айналысқан.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz