«Аққамбарға ергенім»: Тамара Асардың қызы Ажар 2 жасқа толды
Танымал әнші Тамара Асар қызы Ажардың 2 жасқа толғанын айтып, қуанышымен бөлісті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Ажар жайлы әсерлі жазба жариялады.
“Өмірімізге ажар берген Ажарлы шүкіргүліміз бұйырса 2 жасқа толып жатыр. Дені сау, жасы ұзақ, ойы мен бойы биік, абыройы мен амандығы қатарласқан инабатты, ибалы, иманжүзді, сөйлесе сөзі жанға дәру, қараса көзі жүрекке жылу беретін болашақта бір қазақтың жігітінің маңдайын жарқыратар әдемі қыз болып өсуін тілейміз. Балапанның бағына әке-шешесі туғандары аман болып,бақытты да,байсалды ғұмыр кешуін тілейміз”, – деп ақ тілегін арнады әнші қызына.
Өнер иесі қызың дүниеге келген сәтін еске алды.
“Мен бақытын түйірлеп теріп жинаған әйелмін ғой, құбылаға қарап жайған алақанымды Құдай бос қайтармады. шүкір. Ажартайды босанған бойда дәрігер әкеліп кеудеме баланы қоя салып, омырауды алуды үйретіп жатқанда, өзім дірілдеп жатып көзімнің жасымен жарысып ыңылдаған әлди әнімнің түрі былай болды:
Бір Алланың бергені
Бапасынан көргенім
Аққамбарға ергенім
Жүгіріп-жүгіріп тергенім…, – деп шалқамнан жатып қайталай бердім, бетімді жуған жас құлағымды бітеп тамып жатты. Менің жинаған, жасатқан сәндікке тағатын әшекейлерімнің ең әдемісі, ең құндысы
әшекейім-ау, мен сенімен бұйырса сырлас болғым келеді. Аман бол Бапасының қызы”, – деп жазды Тамара Асар.