«Ақпараттық соғыстың көрінісі»: Медведев желідегі парақшасының бұзылғанын мәлімдеді

0
575

Дмитрий Медведев «Вконтакте» желісіндегі парақшасының бұзылуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, оның ресми акаунтына шабуыл жасалған. Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары кінәлілердің жазасыз қалмайтынын атап өтті.

«Мұндай шабуылдар бірінші рет болып тұрған жоқ. Олардан ешкім сақтандырылмаған. Премьер-министр болған кезімде де осындай оқиғаларға тап болдым. Бұл ақпараттық соғыстың бір көрінісі. Әлеуметтік желі әкімшілігі мен құзырлы қызметтер тексеріс жүргізіп жатыр. Кінәлілер жазасыз қалмайды», — деді Медведев.