“Ақпаратты көшіріп алған”: Сот Гүлнар Бажкенованың Шишкенге қарсы шағымын қанағаттандырмады

0

Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты журналист Гүлнар Бажкенованың Дмитрий Шишкинге қарсы шағымын қанағаттандырмады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сотта жауапкер Шишкине қатысты ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделін қорғау, моральдық зиянды өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

«Сот анықтағандай, 2023 жылдың қараша айында Ш. өзінің Facebook парақшасында талапкерлердің ақпараттық ресурсы туралы, басқа БАҚ-тың материалдарын көшіріп жариялайтыны жайлы пост орналастырған. Талапкерлер соттан осы ақпаратты шындыққа сәйкес келмейді деп тануды, жауапкерді жарияған постты жоюға, ақпаратты теріске шығаруға және моральдық зиянды өтеуге міндеттеуді сұрады. Жауапкер талапты мойындамады, өзінің жариялаған ақпаратының шындыққа сәйкес келетінін көрсеткен”, – делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Посттың мәтініне жүргізілген сот сараптамасы Шишкиннің постындағы ақпараттың ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлайтын деп танылуы үшін, көшіріп алу фактілерінің болмауы керектігін көрсетті.

«Мысалы, куәгер М., интернет-басылымның «P» негізін қалаушысы және бас редакторы, 2023 жылдың қыркүйек-қараша айларында өз телеграмм каналында 3 мақала жариялағанын көрсетті. Аталған материалдардың тақырыптарын ол мемлекеттік сатып алулар сайтындағы үлкен көлемдегі деректерді ұзақ уақыт талдау арқылы өз бетінше таңдаған. Сонымен қатар, бірнеше сағат өткеннен кейін сол материалдар «О» ақпараттық ресурсында шыққан, олардың мәтіндері оның жарияланымдарына сәйкес, басқа сөздермен сипатталған. Сондай-ақ, «О» ақпараттық басылымының мақаласы мен Ш.-ның бұрын жарияланған мақаласының арасында мағыналық және сөзбе-сөз ұқсастықтар анықталды. Маманның (автортанушының) қорытындысы бойынша, Ш.-ның мәтіндік құрылымдары қолданылған”, – делінген хабарламада.

Сот шешімімен Башкенованың Шишкинге қойған талабы қанағаттандырылмады. Талапкерден жауапкердің пайдасына 200 мың теңге көлемінде өкілдік шығындар өндіріліп алынды.

Сот шешімі заңды күшіне енбеген.