Ақпарат министрлігі 15 кітапты қазақ тіліне аударуды құрылыс компаниясына тапсырған

0

Ақпарат министрлігі «Аттик-Строй» құрылыс компаниясымен 148,7 млн теңгеге келісімшарт жасасты. Бұл ақшаға олар екі айда 15 кітапты қазақ тіліне аудару керек болған.

Кітаптар аударылғанымен, жұмыс сапасыз болып шықса керек. Келісімшарт бұзылып, Қаржы министрлігі компанияны сотқа берді.

Бірақ «Аттик-Строй» компаниясының өзі ақпарат министрлігін аударма үшін кітаптардың түпнұсқасын ұсынбады деп айыптайды.

Тіл кеспек жоқ «Аттик-Строй» кітапты аудару үшін шығармашылық топ жалдағанын айтады. Олар қымбат жабдықтар сатып алып, басқа жобаларды кейінге қалдырған. Бірақ соңында құрылыс компаниясы оларға ақша төлеуден бас тартыпты.

ақпарат: http://Protenge.kz телеграм арнасы

фото: www.byuroperevodov.com