Ақордада отырыс өтті – Тоқаев бірқатар тапсырма берді

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен экономикалық мәселелер жөніндегі отырыста бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан қаражат алуды біртіндеп азайту керек екенін айтты. Ақордада экономикалық мәселелер жөніндегі отырыс өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, қордағы қаражат тек аса қажет болған жағдайда ғана алынуы керек.

«Үкімет ең алдымен республикалық бюджеттің табысына сенім артуы тиіс. Инвестициялық табыс алу үшін  Ұлттық банк Ұлттық қор қаражатын басқару тәсілін қайта қарауы керек», — деді мемлекет басшысы.

Президент банктердің жұмысын да сынға алды. Олар әлдеқайда көп табыс табу үшін ресурсын тұтынушылық кредитке бағыттайды. Демек бизнесті несиелендіру көлемі азаяды. Тоқаев Ұлттық банк бұл саясатқа өзгеріс енгізуі керек екенін айтты.

Ақша-кредит саясатының стратегиясы

Президент 2030 жылға дейінгі ақша-кредиттік саясат стратегиясын әзірлеуді тапсырды. Тоқаев Ұлттық банкке ақпараттық-түсіндіру жұмысын жетілдіріп, девальвациялық болжамды азайту міндетін жүктеді.



sputniknews.kz