Ақорда туралы фильмге Елікбаев қанша ақша алды екен?

0

Блогер Әлішер Елікбаев Нұр-Сұлтанда орналасқан Ақорда резиденциясының ішін көрсетті, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Әдетте жұрт ішіне кірмек түгілі, маңайлай да алмайтын нысанға блогер қалай кірді? Президенттің резиденциясы бәріне бірдей ашық па?

Қазақстандағы ең қымбат блогерлердің бірі Елікбаевтың инстаграмдағы бір посты 2.5 млн теңге тұратынын ескерсек, Ақорда туралы фильмге қанша алды екен?

Блогер бейнероликте ресми тұлғалардың қатысуымен салтанатты шаралар өтетін негізгі алты залды аралады.

«Ақорда аумағына кіру әрқашан қиын болатын, ал қазір пандемияға байланысты одан да қиын. Біз бір күн бұрын ұшып келіп, ПТР-тест тапсырдық, теріс нәтижесін күттік, «Ashyq» арқылы кірдік, бізді дезинфекциялады, содан кейін ғана ішке кіруге мүмкіндік алдық», – дейді Әлішер.

Айта кететіні, Ақорданың құрылысы 2001 жылы басталып, 2004 жылы желтоқсанда аяқталды. Сарай елорданың сол жағалауында, Бәйтерек монументінен 300 метр жерде орналасқан.