Ақорда алдында Тоқаевтың қатысуымен ту көтеру рәсімі өтті

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Ақорда» резиденциясының алдында Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі. 

Ту көтеру рәсімі барысында Құрмет қарауылының бастығы президентке рапорт берді.

“Кейін Президенттің бұйрығымен еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұран орындалды. Биыл ұлттық мереке ретінде қайта жаңғырған Республика күнін ел көлемінде атап өту осындай салтанатты шарамен басталды”, – делінген хабарламада.

Ақорда ұсынған мәліметке сәйкес мемлекеттік ту көтеру рәсімі әрі қарай өңірлерде де жалғасады.

ту көтеру