Ақназар Қажымұрат Гарвард университетінің білім грантына ие болды

0
153

Топологияны әлемдік дең­гейде зерттеп жүрген жас да­рын­­ның талабына табыс ті­леп сү­йіншілеуіміздің жөні бар. Олай дейтін себебіміз, ма­­тема­тиканың аталған бө­лі­мінде үлкен жетіс­тікке жетіп үл­герг­ен Ақна­зар – Назарбаев зият­­керлік мек­теп­те­рінің 10 жыл­­дық мерейтойы­на ар­нал­ған «Ұлы дала мұра­гер­лері» фо­ру­­мында Елба­сы­дан бата ал­ған оқушы. Өзінің ғы­лыми жұ­мы­сын Мемлекет бас­шы­сының алдында байыппен сауатты та­ныстырып шыққан Ақ­назарға Президент сол кезде-ақ Гар­вард  университетіне түсе­тініне  сендірген болатын.

Қазақстандық вундеркиндті Гарвардқа физика мен математикадан ұйымдастырылған әлемдік беделді олимпиадалардағы же­ңістері бастап барды деуге болады. Күні кеше Ақназар ха­лықаралық емтихандарда таң­ға­ларлық нәтиже көрсетті. ACT мен SAT Subject Tests, ең жоғарғы  – 36 дан 36 және 2400 ден 2400 ұпай алды. Гарвард уни­верситетінің https://college.harvard.edu сайтындағы ақпарат бойынша  оқуға түскендердің төрттен бір бөлігі ACT-дан 33 балл алса, қалған 75%-ы 35 ұпай жинаған.

Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында А.Қажымұраттың жетістігі барша Зияткерлік мектептер жүйесі үшін сый болды. Дарынды оқушы аталған аспирантураны аяқтағаннан соң Қазақстанда ғылыммен айна­лы­сатындығын айтады.

1636 жылы құрылған АҚШ-тың көне оқу орнына шәкірт болған Ақназарға алар асуларың аласармасын дейміз.

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»

Дереккөз: http://egemen.kz/