Ақмолалық қазақ отбасы өзге ұлттың үш бірдей перзентін бауырына басқан

0

Ақмоланың Зеренді аймағында тұратын қазақ отбасы өзге этностың 1 емес, 3 бірдей перзентін бауырына басқан деп хабарлайды «Хабар 24″.

10 жасына дейін балалар үйінде тәрбиеленген ақмолалық 16 жастағы Виктория Клепцова мен бауырларының өмірі бүгінде түбегейлі өзгерген. Себебі Виктория мен соңынан ерген екі бауырын Зеренді ауданындағы қазақ отбасы өз қамқорлығына алған.

Жетімдерді бауырына басқан Гүлнәр Ыбраева мен оның жолдасы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді. Виктория мен екі інісін 2015 жылы асырап алған.

«Біз Ақкөл балалар үйіне барғанда қазақтың қыздары жоқ деді. Анна Васильевна балалар бар деді, бірақ басқа ұлт. Оған қарамаңыз деді. Үйге келгеннен кейін үш балам:

«Анашым қорықпаңыз, көмектесеміз» деді. Алып келдік үш баланы. Көп еңбек жасадық. Тәртіптері жақсы, қызымның да, ұлдарымның да. Қызым қолқанат», — дейді Гүлнәр Ыбраева.