Ақмолада салықшылар өзгенің қарызы үшін басқа компанияның мүлкін тұтқындаған

0

Кеңесте салықшылардың өзгенің қарызы үшін басқа ЖШС-нің мүлкін тұтқындау мәселесі бойынша шешім қабылданды.

Ақмола облысында салықшылар өзгенің қарызы үшін басқа компанияның мүлкін тұтқындаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының кәсіпкерлер құқығы қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің мүшелері 2018 жылғы жұмыстардың қорытындысын шығарды.

Кеңесте салықшылардың өзгенің қарызы үшін басқа ЖШС-нің мүлкін тұтқындау мәселесі бойынша шешім қабылданды.

«2017 жылы мамыр ЖШС салық қарызын біртіндеп өтеу үшін мүлкін саудалаған кәсіпорыннан автокөлік сатып алған. Кейін сатып алушы бұл көлікті Бурабай ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы салған 44 мүлік ауыртпалығына байланысты тіркеу органдарына есепке қоя алмаған. Бұл жерде салықшылар сатушы компанияның салық бойынша 330 миллиард теңге қарызын өтелгеннен кейін ғана көлікті тұтқыннан босатуды жөн деп шешкен», — деп түсіндірді өңірлік кәсіпкерлер платасының баспасөз қызметі.

Алайда, автокөлік сатып алған ЖШС өкілдері салықшылардың үсітнен сотқа арызданған. 2018 жылдың 7 тамызында сот Бурабай ауданының мемлекеттік кірістер басқармасының әрекетін заңсыз деп танып, автокөлікті мүлік ауыртпалығынан босату туралы үкім шығарды. Соттың шешімін ескермеген салықшылар аталмыш автокөлікке жаңа мүлік ауыртпалығын енгізді.

«17 қараша күні өткен кеңестің кезекті отырысында біз бұл мәселені қарап, нәтижесінде прокуратураға жүгіндік. 6 қараша күні Ақмола облысының прокуратурасы мемлекеттік кірістер департаментіне қатысты заңсыздықтарды жою туралы ұсыныс енгізді», — деп түсіндірді өңірлік кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Шыңғыс Теміров.

Кейін 11 желтоқсанда өткен кеңес отырысында Ақмола облысының мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бауыржан Шәйкенов ЖШС барлық мүліктеріне мүлікті ауыртпалықтың алынғанын хабарлады. Осылайша, кәсіпкерлер құқығы қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі мүшелерінің жұмысы нәтижесінде компания сатып алған автокөліктерін есепке қойып, шаруашылық жұмысына алаңсыз қолдануына болады.

«Жалпы, жыл басынан бері аталмыш кеңестің 10 отырысы өтіп, 23 түйткілді мәселе қаралды. Оның 15 бойынша нақтылы шешім шығарылса, қалғандары қаралып жатыр. Талқыланған мәселелердің ішінде салық, экология, жер қатынастары, мемлекеттік сатып алу сияқты бірқатар тақырыптар бар», — деп толықтырды ведомстводан.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/