Ақмолада өз қызын пышақтаған әйел ұсталды

0

Ақмола облысында әйел өзінің қызына пышақ жарқатын салған,

Бұл туралы Облыстық полиция департаменті хабарлады.

«35 жастағы масаң күйдегі әйел пышақ жарақатымен ауыруханаға түскен. Жедел тергеу амалдары кезінде анықталғандай, задап шегуші өз үйінде анасымен қосылып арақ ішкен.

Артынша, екеуара жанжал шыққан. Осы кезде анасы ас бөлмедегі пышақты алып, қызының арқа тұсынан сұғып алған», — деп жазылған хабарламада.

Күдікті қылмысын толық мойындады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.