Домой Жаңалықтар Ақмолада коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан екі әйел ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

Ақмолада коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан екі әйел ұсталды — Қазақстан жаңалықтары

0
97

Ақмола облысының Ақкөл қаласында коронавирус жұқтырған елорда тұрғындары туралы жалған хабардың авторы және таратушысы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

түрме

Облыстың полиция департаментінің хабарлауынша, күдіктілер коронавируспен ауырғандардың Ақкөл қаласына ауыстырылғаны туралы жалған ақпаратты жылдам таратқан.

«Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жалған хабар авторының жеке басы анықталды. Ол 48 жастағы Ақкөл қаласының тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ, күдіктінің туысы бұл жалған ақпаратты басқа топтар мен мессенджерлерде таратқаны үшін жауапқа тартылады», — деді ведомствода.

Екі әйелге қатысты ҚР ҚК-нің «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

stan.kz