Ақмола облысының тұрғыны жоғалып кеткен баласын 9 жылдан кейін тапты — Қазақстан жаңалықтары

0

Із-түзсіз жоғалған Ақмола облысы тұрғынының мекенжайын полиция қызметкерлері 9 жылдан кейін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жоғалған

Polisia.kz мәліметінше, соңғы рет Қосшы ауылының тұрғыны Гүлдариға Нұрбаева 16 жастағы ұлы Мұхтарды 2011 жылдың қазан айында көрген. Сол кезде әйел полицияға оның жоғалғаны туралы арызданған.

Анықталғандай, жасөспірім бұрын да үйден кетіп қалған, бірақ әйел келесі кездесуді шамамен 9 жыл күту керек деп еш күдіктенбеген. Жігітті ұзақ уақыт бойы полиция қызметкерлері де іздеді.

Анасының айтуынша, 2011 жылдың 13 қыркүйегінде оның 16 жастағы ұлы ұялы телефондарын алып, үйден кетіп қалған, бірақ бұрын мұндай жағдайлар болған соң, әйел 10 күн бойы өз күшімен іздеген, одан кейін полицияға жүгінді. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер жасөспірімді астаналық базарлардың бірінен тауып, отбасына қайтарды.

Бір айдан кейін жағдай қайталанды. 22 қазанда Гүлдариға Нұрбаева жұмыстан үйге келгенде үлкен ұлының барлық заттарын жинап, үйден кетіп қалғанын анықтады. Өз бетінше іздегеннен кейін, 10 қарашада әйел полицияға көмек сұрап келді.

Жасөспірімнің кетуінің себебі оның жоғалуы қарсаңында отбасында болған даулы жағдай болуы мүмкін. Мұхтардың орналасқан жерін анықтау үшін полицейлер жасөспірімнің достары мен таныстары шеңберін анықтады, ауыл тұрғындарымен, маршруттық автобустардың және такси қызметтерінің жүргізушілерімен, сондай-ақ осы уақытта баланы көрген адамдармен сұхбат жүргізді. 

Арнайы топтар елорда және көршілес облыстар аумағында іздеді, алайда қабылданған шаралар сәтсіз болды. 9 жыл бойы полицейлер Мұхтарды іздестіруді тоқтатпады, ал 2020 жылдың мамыр айында 25 жастағы жас жігітТүркістан облысы Түлкібас ауданының бір ауылынан табылды.

Осы уақыт ішінде Мұхтар өзінің таныстарының жанында болған, бірақ анасымен байланысудан бас тартты. Анасы Гүлдариға Нұрбаева қазір Нұр-Сұлтанда тұрады және жоғалған ұлының аман-сау табылғанына қуанышты.

stan.kz