Ақмола облысының прокуроры ауысты

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

14 0 0

Аға әділет кеңесшісі Айдос Майлыбаев осы лауазымға дейін бас прокуратураның департамент бастығы болған

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Бас прокурордың бұйрығымен Ақмола облысының прокуроры болып Айдос Майлыбаев тағайындалды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Жоғары құқықтық білімі бар Айдос Майлыбаев 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Прокуратура органдарында 2000 жылдан еңбек етеді. Әр жылдары Алматы облысындағы екі ауданның прокуроры болды.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары және Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның алты өңірінде басшылар ауысты

Ақмола облысының прокуроры болып тағайындалғанға дейін бас прокуратураның департамент бастығы болды.

Қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудегі жетістігі үшін мемлекет басшысының 2014 жылғы жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.



sputniknews.kz