Ақмола облысының полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

0

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Берік Біләлов лауазымынан босатылды. Ол министрліктің орталық аппаратында жұмыс істейтін болады

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша — Sputnik. Ақмола облысының полиция департаментінің басшысы лауазымына полиция генерал-майоры Арманбек Баймұрзин тағайындалды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Арманбек Баймұрзин 1974 жылы туған. Ішкі істер органдарында 1992 жылдан бастап қызмет атқарады. Әр жылдары ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция комитетінде және Жамбыл облысының полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары болып қызмет етті. 2014 жылдан бастап криминалдық полиция департаментін басқарды.

Тағы оқыңыз: Полицейдің артында екі баласы қалды: БҚО-да болған қайғылы оқиғаның мән-жайы

Бұған дейін Ақмола облысының полиция басшысы қызметін атқарған Берік Біләлов лауазымынан босатылды. Ол қызметін ішкі істер министрлігінің орталық аппаратында жалғастырады.



sputniknews.kz