Ақмола облысындағы жантүршігерлік оқиға: браконьерлер қорықшыларға оқ жаудырды

0
90

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

«Охотзоопром» инспекторлары оқ жарақатын алды, біреуі ауыр халде жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде  — Sputnik. Ақмола облысы Жарқайың ауданын барлау кезінде «Охотзоопром» инспекторларына шабуыл жасалды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз қызметі.

Ақмола тірек пункті «Охотзоопром» ӨБ РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторлары табиғатты қорғау заңнамасы бойынша құқықбұзушылықтарды анықтап, жолын кесу үшін өңірді шарлап жүрген..

Рейд кезінде ақбөкеннің ауланғаны анықталып, қорықшылар «Нива» көлігін мінген браконьерлердің соңына түседі.

Көліктің мемлекеттік нөмірі қандай екені белгісіз. Қолда бар мәлімет бойынша, автомобиль Қостанай облысында тіркелген.

«Нива» көлігінен оқ атылып, салдарынан екі инспектор жарақат алды», – деп хабарлайды   были произведены выстрелы, в результате чего два инспектора получили огнестрельные ранения», – орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында.

Инспекторлардың бірі ауыр халде, ес-түссіз жатыр, екіншісінің жағдайы орташа ауыр. Екеуін Дершавинск қаласының аудандық ауруханасына жеткізу үшін санавиация шақырылған.

Ақмола облысының полициясы күдіктілерді іздеп жатыр.

Қарағанды облысындағы қорықшы өлімі

Дәл осындай оқиға биыл қаңтар айында Қарағанды облысында болған еді. Браконьерлер «Охотзоопром» инспекторларына оқ жаудырған.

Оқиға салдарынан ауыр жарақат алған қорықшылардың бірі Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмды.



sputniknews.kz