Ақмола облысындағы мектепте жарылыс болды: ішінде 70-ке жуық адам болған

0

Облыстық ТЖД хабарлауынша, бүгін Аршалы ауданына қарасты Бұлақсай ауылдық округіндегі Абай орта мектебінде апатты жағдай орын алды, деп хабарлайды kokshe-kontent.kz сайты.

11.03.21 ж.сағат 12:50 шамасында Бұлақсай ауылдық округінің Абай атындағы орта мектебінде жылу қазандығы жарылды. Сол уақытта мектепке 70-ке жуық адам болған.

Жарылыс кезінде мектеп оқушылары сабақта отырған. Апатты жағдайдан кейін тұтас бір сыныптың қабырғасы құлап түскен.

Қазір оқушылардың барлығы қашықтан оқуға жіберілді. Жылу жүйесі іске қосылмай, мектеп табалдырығын аттамайды.

Ведомстовоның хабарлауынша, зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. Алайда бірнеше адам жеңіл жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген.

Абай атындағы ауыл мектебінде 114 оқушы білім алады. Мектеп 1972 жылы салынып, 2004 жылы жөндеуден өткізілген.