Ақмола облысында «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасымен әлеуметтік нысандар жөнделуде — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақмола облысында мемлекеттік бағдарлама шеңберінде өңірдегі аудандар мен ауылдарда қызу жұмыстар жүріп жатыр. Атап айтсақ, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасымен әлеуметтік нысандар қайта жөнделуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

құрылысшы

Жалпы Ақмола облысында «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 72 жоба жүзеге асыру жоспарланған. Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1364 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Бүгінгі таңда 56 жоба бойынша келісімшарттар жасалды, 16-сы конкурстық рәсімдерден келісімдер жасалу сатысында.

Шортанды ауданы Степное ауылының дәрігерлік амбулаториясының құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жұмыстар 2019 жылы бастау алды, құрылысты аяқтау ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған. «Дело ФБК» мердігер мекемесі қазіргі уақытта аймақты көгалдандыру мен мекеменің ішкі жұмыстарымен айналысып жатыр.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасымен Шортандының жылу қазандығы мен жылу жүйелері де қалыпқа келтірілуде. Қазір мұндағы құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар да тартылған. Бұл жұмыстар мамыр айында басталды, жұмысшы топ аяқтауды 31 тамызға жоспарлап отыр.

Мердігер компания «Реалстрой-2012» ЖШС-гі Пушкин көшесінің бойындағы үйлердің мұржаларын шығару, сорғыларын ауыстыру сияқты істермен айналысып жатыр. Жергілікті тұрғын үй коммуналдық –шаруашылық мекемесінің мәліметінше, тағы екі үйді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу үшін қосымша жылу қазандығы салынбақ.

Бұдан соң әкімшілік ғимараттардың жылу желілері жөнделіп, Лермонтов және Комсомольский көшелеріндегі екі қабатты екі үйге жылу магистралі салынады.

Аталған бағдарлама аясында Жолымбет ауылында 3 жоба жүзеге асырылуда. Кенттегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын тұрғын және қойма үй-жайларын күрделі жөндеуден өткізуге, көмірді сақтауға арналған көлеңкелі төбені ағымдағы жөндеуге және кәріздерді жоспарлы жөндеуге тендер жарияланды.

Мердігер компаниялар «ГААК-НС» ЖШС мен ЖК «Каптаевпен» келісім шарт жасалып, жұмыстартар басталды.

Жалпы өңірдегі жүріп жатқан құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар ниет білдіріп, жұмысқа тұруда. Жұмыспен қамту мекемесі арқылы олардың айлық жалақысы 85 мың теңгені құрап отыр. Бұл жұмыстардың барлығы күзге дейін аяқталмақ

stan.kz