Home Жаңалықтар Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атқандар анықталды

Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атқандар анықталды

0
107

Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атқан адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Щучинск қаласында жедел жәрдем автокөлігінің терезесін зақымдағандарды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша 17 жастағы күдікті мен оқиғаның екі куәгері анықталды. Олардың барлығы Щучье қаласындағы колледж студенттері.

«Жастардың айтуынша, 11 сәуірде кешкі сағат 22:00 шамасында олар көпқабатты үйдің ауласында пневматикалық тапаншадан металл бөтелкелерге оқ атқан. Осы кезде атқан оқ кездейсоқ өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігінің терезесіне тиген. Жастардың өтіп бара жатқан автокөлікке оқ ату ниеті болмаған», – дейді ведомстводан.

Еске салайық, аталмыш факті бойынша, Қылмыстық кодекстің 202-бабы «өзгенің мүлкіне зиян келтіру немесе жою» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету