Ақмола облысында ұшақ құлады

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Ақмола облысында Родина ауылының маңында Ан-2 ұшағы құлады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. 

«20 маусымда сағат 10:00 шамасында Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Родина ауылынан 10 шақырым жерде химиялық өңдеу кезінде Ан-2 ұшағы құлады. Апат салдарынан ұшқыш қаза тапты, жарақат алып, күйіп қалған экипаждың қалған екі мүшесі ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады комитеттегілер. 

Ұшақ апатының себебі анықталып жатыр. 



sputniknews.kz