Ақмола облысында теміржолшылар ағашқа шығып аман қалды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

https://sputniknews.kz/images/146/25/1462517.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/incidents/20200207/12761261/temirzholshylar-agash.html

Теміржолшыларға бір үйір қасқыр тап берген, оларды Ақкөл стансасынан жеткен көмек тобы құтқарып қалды

НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Ақмола облысында теміржол жөндеушілері қасқырлардан әрең қашып құтылған. Бейқам жұмысын істеп жүрген оларға сегіз қасқыр тап беріпті. 

Оқи отырыңыз: Қазақстанға бір үйір қасқыр жақындап келе жатқаны рас па — министрлік түсініктемесі

Үш жұмысшы қос рельстің арасын қардан тазартып жатыпты. Олардың бірі омбы қарда бұқпантайлап жортып келе жатқан бірнеше хайуанды байқап қалады. Алғашқыда «ауыл иттері ме?» деп ойлаған. Бірақ азулы аң жақын  беттегенде, түз тағысын айнытпай таныпты. Ол жанұшырып сол жердегі орманға жетіп, ағаш басына шығып үлгерген, деп хабарлайды КТК.

Қасқырлар ағаш басындағыларға жетпесін білсе де, торуылдап ұзақ жүріпті.

Суыт хабарды естіген Ақкөл стансасынан жеткен көмек тобы теміржолшыларды құтқарып қалды.



sputniknews.kz