Ақмола облысында суға батып кеткен аралда қалып қойған 75 жастағы қария құтқарылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақмола облысында полиция қызметкерлері суға батып кеткен аралдан 75 жастағы қарияны құтқарды. Бұл туралы Ақмола облысындағы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды. 

 Ақмола облысында полиция қызметкерлері суға батып кеткен аралдан 75 жастағы қарияны құтқардыАқмола облысындағы полиция департаментінің баспасөз қызметі құтқару жұмыстарының үшінші сәуір күні жүргізілгенін айтты. Қарияны Ерейментау ауданының полиция қызметкерлері құтқарған. Зейнеткер және оның көлігі суға батып кеткен Құнай аралынан жағалауға шығарылды. 

«25 наурызда Степногорск қаласының 75 жастағы тұрғыны Леонид Рябошапко өзінің көлігімен Селетин су қоймасына балық аулауға келген. Төрт күн бойы зейнеткер су қоймасының бетіне қатып қалған мұзда жүріп балық аулаған. 29 наурызда Леонид Иванович су ағынын байқап, жағалауға шығуды жөн көрген. Жағалау Құнай аралына жақын болған соң, ер адамның сол жерде қалуына тура келген», — деді өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметкерлері. 

 Ақмола облысында полиция қызметкерлері суға батып кеткен аралдан 75 жастағы қарияны құтқардыПолицейлердің айтуы бойынша, 75 жастағы балықшы бірнеше күнін аралда өткізген. Олар жүрегі ауыратын зейнеткерді полицейлер дер кезінде құтқарып үлгерген. 

«Бірнеше күннің ішінде полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың көмегімен қажетті құтқару жұмыстарын істеді. Тәртіп сақшылары қолда бар заттардан сал жасап, жергілікті тұрғындарды көмекке шақырып, демалыс аймағына тиесілі кемені алды. Көлікке жету үшін полицейлер екі күн бойы мұзды тесті. Атқарылған жұмыстың арқасында Леонид Иванович пен оның көлігі жағаға шығарылды», — деді басқармадағылар. 


 

stan.kz