Ақмола облысында сотталушы ұялы телефон жұтып қойған

0
267

Ақмола облысында түрмеде отырған сотталушының асқазанынан ұялы телефон табылды. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Билік өкіліне қатысты қылмыстық әрекеттері үшін сотталып, Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/18 мекемесіне жеткізілген Жамбыл облысының 36 жастағы тұрғынынан рентген-жабдықтар арқылы өту кезінде тыйым салынған зат бар екені белгілі болды. Сотталушы сол жерде ұялы телефонның қалтасында емес, асқазанында екенін айтқан.

«Рентген сотталушының асқазанында ұзындығы 6 см «Nokia» телефонынан басқа, қолданыстағы SIM картасы да бар екенін көрсетті. Қазіргі кезде, осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде», — деді департаменттің баспасөз хатшысы Ирина Горнова.