Ақмола облысында сегіз күннен бері іздеуде жүрген қыз құрбысының үйінде жатқан – Қазақстан жаңалықтары

0

Ақмола облысында жоғалып кеткен 26 жастағы бойжеткен Қарағанды қаласынан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қыз

Бұл туралы Ақмола облысының ПД қызметкерлері мәлімдеді. 

2020 жылғы 11-ақпан күні Көкшетау қалалық ПБ бөліміне Симферополь ауылының 57 жастағы тұрғыны хабарласқан. Оның сөзінше,  оның 1993 жылғы қызы Шолпан Ахмет із-түссіз жоғалып кеткен. 

Жоғалып кеткен бойжеткен бұған дейін үйінен бірнеше рет кетіп, қайта оралғандығы анықталыпты. 

Тәртіп сақшыларынан  тұратын арнайы топ жасақталып, аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалған. Такси жүргізушілерін сұрау салынып, жолаушылар тасымалы құралдары мен вокзалдың маңы, көңіл көтеру орындары тексеріліпті.

Іздеу шаралары 8 күнге созылған. Ақырында 26 жастағы тұрғын 18 ақпан күні Қарағанды қаласындағы құрбысының үйінен табылыпт. Бойжеткеннің аман-сау екендігі анықталыпты.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз