Ақмола облысында қорықшыны өлтірген браконьерге қатысты сот үкімі шықты – Қазақстан жаңалықтары

0
21

Ақмола облысында бір қорықшыны атып өлтіріп, екіншісін жаралаған күдікті 18 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұртазин
Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, бүгін 2020 жылғы наурыздың 4-де Ақмола облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Жарқайың ауданындағы «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы Қаныш Нұртазиновты өлтіріп, оның әріптесі Самат Оспановты жаралаған браконьерге қатысты сот үкімі шықты.

«Сот сотталушы А.А.Бонякевичті ҚР ҚК 99 бабының 2 бөлігі 2 және 10 бөлімшелері, 24 бабының 3 бөлігі, 99 бабының 2 бөлігі, 1, 2 және 10 бөлімшелері, 337 бабының 4 бөлігі, 2 және 4 бөлімшлері бойынша кінәлі деп таныды. Осыған қарай, оның жасаған қылмысы үшін 18 жылға бас бостандығынан айыру, 3 жылға әуесқой аңшылықпен айналысу құқынан айыру, жазасын қылмыстық – атқару жүйесінің қауіпсіздігі ең жоғары мекмесінде өтеу түрінде үкім шығарды», – дейді ведомство өкілдері.

Бұған қоса сотталушыдан қаза болған қорықшының туыстарына 10 000 000 теңге, зардап шеккен қорықшыға 1500 000 теңге көлемінде моральдық шығын ретінде өтемақы және келтірілген материалдық шығын үшін мемлекет мүддесіне 5 681 250 теңге өндіріліп алынды.

Сот үкімі күшіне енбеген.

Еске салайық, бұған дейін қорықшының өліміне қатысы бар күдікті қамауға алынғаны айтылған еді.

stan.kz