Ақмола облысында өрттен әпкесі мен інісі ажал құшты

0

Ақмола облысы Бурабай ауданындағы ауылда өрт болып екі адам қайтыс болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Last Day Club

Көрнекі фото: Last Day Club

Оқиға Урумкай ауылында түнде болған.

80 шаршы метрді құрайтын үйді өрт сөндірушілер мен жергілікті тұрғындар екі сағатта ауыздықтаған.

Сөндіру кезінде екі тұрғынның денесі табылды. Біріншісі 1961 жылғы әйел, екіншісі 1970 жылғы ер азамат.

Қызыл жалын төсекте темекі шеккеннен басталған.

Тұрғындардың айтуынша, осы үйде тұрғандар нашар отбасы болған. Қайтыс болғандар әпкелі-інілі екен.

Олар үлкен ағаларының үйін паналаған. Үлкен ағасы өрт алдында араққа кеткеннен, қайтып келмеген.

Полицейлер қайғылы оқиға орын алмастан екі күн бұрын келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.