Ақмола облысында мұқтаждарға азық-түлік үлестірмек болған кәсіпкердің басы дауға қалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақмола облысында мұқтаж азаматтарға азық-түлік үлестірмек болғандардың бәсы дауға қала жаздады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ақмола

Жақсы кентінің 100-ден аса отбасына тегін азық-түлік таратқысы келген азаматтардың басы бәлеге қала жаздады. Аудан басшылары, оларға «карантин кезінде ауру таратып жүрсіңдер» деп, полицияның бөлімшесіне жіберген.

«Елордадан «Нұр Отан» партиясы штабынан рұқсат алып, Жақсы кентіне келдім. Жергілікті партия бөлімшесінен  көмек қажет тұрғындарлың тізімін де алдым. Мен барлық сақтық шарасын жасап келдім. Бірақ әкімдік өзімді тексеріп әуреге салып, азық-түлікті таратқызбай қойды», — деді кәсіпкер Әнуар Хамит.

Нұр-Сұлтаннан 400 шақырым жердегі ауданға кедергісіз жеткен олар шенеуніктердің бұл әрекетін түсінбей отыр.

«Біз біргеміз» республикалық акциясына қатысушылар сұрақтың астында қалып, полицияның тергеуіне түстік дейді. Олар тек аудан орталығында ғана емес, бірнеше ауылға да әлеуметтік көмек беруді жоспарлаған. Бірақ еріктілер бұл ниетін жүзеге асыра алмай, кейін қайтқан.

Аудан басшылары болса артық әрекетке бармағанын атап өтті.

«Ешкім оларды қуған жоқ. Елордадан, карантиндік аумақтан шыққандықтан біз оны тексеруіміз керек. Өйткені ол науқас адаммен байланыста болуы мүмкін. Еріктілердің азық-түлік пакеттерін партия бөлімшесіне тапсырып кетуін сұрадық. Ал олар өзі таратқысы келді», — деді Жақсы ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Рамазанов.

 

stan.kz