Ақмола облысында билер сотының институты әлеуметтік желіде насихатталуда

0

2018 жылғы 4 желтоқсан 20:38 44

Ақмола облысында билер сотының институты әлеуметтік желіде насихатталуда

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Ақмола облысының соты қазақтың билер соты институтын әлуметтік желі арқылы кеңінен насихаттауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облыстық соты Facebook әлеуметтік желісінде «Қазақтың билер соты» атауымен эстафетаны қолға алды.

Эстафета Ақмола облысының Атбасар сотында бастау алып, 10 күн бойы бес ауданда жалғасты. Атбасар, Ақкөл және Аршалы, Целиноград аудандарының және Степногорск қаласының соттары мен төрағалары бейнероликте Ақмола облысы аумағында XVII-XIX ғасырларда өмір сүрген билер мен қазақтардың дала құқығын дамыту және билер сотының рөлі туралы айтып берді», — деп бөлісті соттың баспасөз қызметі.

Аудандық сот төрағалары өздерінің сөздерін көркем тарихи кадрлар арқылы сүйемелдеп отырды.

«Бейнеролик арқылы Интернет қолданушылары мен оқырмандары қазақ халқының Қанай би, Едіге би, Әлдебек би, Бапан би сияқты өзге де билері мен олардың шешендік өнері, дауды шешуі, мемлекет пен құқықтың қалыптасуындағы рөлі туралы мол мағлұматқа қанығады», деп толықтырды ведомстводан.

Белгілі болғандай эстафета Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалық бағдарламасындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде қолға алынып отыр.