Ақмола облысында 15 жасар қыз үй ауласында асылып қалған

0

Ақмола облысының Астрахань ауданында 15 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды kznews.kz сайты inform.kz порталына сілтеме жасап.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері жасөспірімдер арасында осымен сегіз суицид әрекеті тіркелген.

6 қарашада Астрахан аудандық полиция бөлімінің жедел штабына аудандық орталық аурухананың фельдшерінен Астраханка ауылының 15 жастағы тұрғыны үй ауласындағы шаруашылық ғимаратта асылып, өз-өзіне қол жұмсағаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен.

«Сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу жүргізілуде», — делінген хабарламада.

Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенованың айтуынша, бұл жыл басынан бері ақмолалық оқушылар арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің сегізінші оқиғасы. Толық емес суицид әрекеттері – 21.