Ақмола облысы: төбелескен әкім орынбасары мен апарат басшысы айыппұлмен құтылды

0

Ақмола облысында төбелескен Шортанды ауданы әкімінің орынбасары мен апарат басшысы жазаға тартылды. Сот үкімімен екеуіне де 55 380 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. 

Ақмола облысы сотының баспасөз қызметінің мәліметінші, Шортанды аудандық сотында аудан әкімінің орынбасары «А.» және аппарат басшысы «Б.» бір-біріне қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

2024 жылдың мамыр айында «А.» мен «Б.» әкімдік ғимаратында өзара сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан. Сарапшының қорытындысына сәйкес, олар бір-біріне жеңіл зиян келтірген. Сотта екеуіде өз кінәсін мойындаған жоқ.

«Сот қаулысымен аудан әкімінің орынбасары «А.» және аппарат басшысы «Б.» Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-тармағы бойынша (құқық бұзушылық жасалған сәттегі редакциясында) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және олардың әрқайсысына 55 380 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды», — деп түсіндірді соттың баспасөз қызметінен.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда қызметшісін зорлаған көңіл көтеру орталығының директорына қатысты іс қозғалғанын жазған едік.