Ақмола облысы әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты

0

Жомарт Нұркеновтың автокөлігі жол жиегінде тұрған арнаулы техникаға соқтығысты

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр — Sputnik. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов Петропавл – Нұр-Сұлтан тасжолында жол апатынан қаза тапты, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты бейсенбі, 9 мамыр күні сағат 18:30-да Көкшетаудан үш километр жерде болған.

«Ақмола облысы әкімінің орынбасары Жомарт Нұркенов жүргізіп келе жатқан көлік жол жиегінде тұрған асфальттөсегішке соқтығысты. Жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», — деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша 345-баптың 3-бөлігі (адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша іс қозғалды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жомарт Нұркенов туралы не білеміз

1974  жылдың 3 сәуірінде Целиноградта туған. Ақмола аграрлық университеті мен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген.

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан белгілі актриса көз жұмды

Еңбек жолын 1996 жылы мал дәрігері болып бастады. Ақмола облысындағы Атбасар және Аршалы аудандарының әкімі болды. 2017 жылдың басында Ауыл шаруашылығы ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне басшылыққа келді, бір айдан кейін бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектор болды.

2019 жылдың 10 сәуірінде Ақмола облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалған.

sputniknews.kz