Ақбота Сейтмағамбеттің 16 жастағы суретін көрген жұрт оны танымай қалды (фото) — новости Казахстана

0

Отандық эстрада жұлдызы Ақбота-Нұр Сейтмағамбеттің 16 жастағы суретін көрген жұрт оны танымай қалды. Әнші бұл естелігін өз Instagram парақшасында жариялаған деп хабарлайды NUR.KZ.

КешYou тобының бұрынғы мүшесі осыдан бірнеше жыл бұрын құрбыларымен түскен суретін жүктеп, тыңдармандарының пікірін сұраған.

«Қайран 16 жас. Ботаны таныдыңыздар ма? Шіркін, қиылған қасты, боялған шашты, қырсық мінезді айтсаңшы», — деп жазған ол.

Бұл жазбаны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінген. Олардың біріншісі Ақбота-Нұрды танымай қалғанын айтса, екіншілері әншінің сол баяғыдай әдемі екенін айтқан.

«Танымадым ішінен», «Сары шаш үлкен көрсетеді екен», «Қазір жас көрінесіз», «Сізді таппай жатырмын», «Ұқсамайсыз ғой», «Қазір әдемісің», «Мүлдем басқаша», «Қай кезде де әдемісіз», -деп жазған олар.

Айта кетейік, Ақбота-Нұр Сейтмағамбеттің әндерін «Музыка Нұр» қосымшасынан тыңдай аласыздар.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар