Ақбота Сейтмағамбет жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді
Отандық әнші, актриса Ақбота Сейтмағамбетті оқырманнан келген жеке өміріне қатысты сауалдар ашуландырды, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.
“Күйеуге тисеңші, жастығың өтетін болды ғой” деген сұраққа Ақбота: “Уайымдамашы, жақын арада қартая қоймаймын. Мен үшін әрдайым 18 “young forever” ғой. Ал енді қалжыңсыз, шын сөзге келейін. Пікіріңді қалтаңа салып қой да, өз шаруаңмен айналысып үйрен. Мына өмірде сансыз адам, сансыз тағдыр, кімнің жоғын жоқтап үлгермексің, ақымақ қалқам? Менің тағдырыма Алла кіріседі, сен Құдайдың рөліне кіріп, шаршамашы”, – деп жауап берді.
Өнер иесі болашақ күйеуінің бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргісі келетінін айтты.
“Жанындағы әйелдің махаббатын қорғайтын, өмір бойы адал, батыл мінезді, шешім қабылдай алатын, түзде сабырлы, таза, үйде жұмсақ, маған деген сезімі шексіз болуы керек”, – дейді Ақбота Сейтмағамбет.