Ақбота-Нұр ұйықтап жатқан күйеуінің бетіне майонез жағып, мазақ қылды (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақбота-Нұр ұйықтап жатқан күйеуінің бетіне майонез жағып, мазақ қылды. Жас өнер иесі бұл қылығымен біраз келіншектердің ашуына тиді, деп жазады Stan.kz.

Ал Ақботаның өзі бұл ісін былай түсіндірді:

«Даурен негізі түнде жұмыс жасап, сосын кешке дейін осылай ұйықтайды. Ал, мен болсам керісінше, үйде болып балаларға қарап зомби боламын.

Мен Дауреннің раxаттанып ұйықтап жатқанын көре алмай, үйде қаттырақ дауыстап сөйлеп, теледидардың дауысын бақыртып қойып қоямын! Бірақ шіркін-ай, Дауреннің сабырлығы ма, әлде ұйқысының қаттылығы ма білмедім, реакция жоқ!

Бүгін менің шыдамым шегіне жетті, содан оған осылай жасаймын деп шештім! Сіздер де жолдастарыңыз ұйықтап жатса осылай қызғанасыздар ма?».

Әйткенмен желі қолданушылары түнімен жұмыс істеген Дәуренге аяушылық танытты. Жұмыстан шаршап келген адамға олай жасауға болмайтынын түсіндіріп, Дәуреннің сабырлығына қайран қалды.

«Сені асыраймын деп демалмай жұмыс істеп жүрген ғой. Қайта демеу көрсетсей. Құтырмай, үйде отырып алып», «Ерсіздеу көрінеді», «Орнынан тұрып, бір ұра ма деп едім, үндемеді қайта», — деп таңырқады олар.

 

 

stan.kz