Ақбота-Нұр: «Дәурен балаларымның әкесі, бақытты болайық!»

0

Әнші Ақбота-Нұр инстаграм әлеуметтік желісінде бұрынғы жұбайы Дәурен Айдарқұловпен қазіргі қарым-қатынасы жайлы айтты.

— Дәуренмен ара-қатынастарыңыз қандай?

— Қалай болуы керек?! Әрине жақсы, бізде сәтсіз болған ол арадағы неке ғана, ал тұлға ретінде әрдайым бір-бірімізге сәлеміміз, құрметіміз орнында!
Балаларымның әкесі, әр басқан қадамына сәттілік тілеймін!

— Енеңізбен қарым-қатынасыңыз жақсы деп есіттім, сол рас па?

— Асыл әжемді (енемді) сыйлаймын, өз қызындай қабылдап, Аналық орнын көрсетіп келеді әрдайым.
Әрбір бастамамда қолдау білдіріп, тілеуімді тілейтін алтын адам аман болсын, немерелерінің жақсылығын көруді жазсын…

— Екінші рет тұрмыс құру ойыңыздар бар ма?

— Кеңінен айтсам, жалпы жұпсыз жүру бақытсыздық емес. Адам өз-өзімен гармонияда әдемі тұрмыс кешіруді де білуы керек! Барлық қуанышты басқа бір тұлғадан іздеп, әйтеуір жалғыз қалмауға тырысып , өзін көрінгенге жұп етіп ұсына салатындарда аз емес. Адам ең әуелі өз-өзінің қадірін, өз-өзімен бақытты күйді жасай алатынын түсінгені абзал

Ал енді тұрмысқа шығу туралы сұрағыңызға: Әрине шығуға болады, Алланың қалауымен келетін адамның да рухани дүниесі кемелді болып, кісі қадірін білетін, азаматтығы мен адалдығы қатар дарыған тұрғыда , менің тарыдай бақытыма өз бақытын толықтырып, еселеп, әдемі отбасы боламыз деген ниетпен келуі сұрайтыным. Екі бақытты адам қосылғанда ғана сонысын бөлісіп, жарасып өте бермек бір ғұмыр! Барлығымыз бақытты болайық, — деп жауап жазды оқырмандарының сұрақтарына.