Ақбота Керімбекованың отбасы: әнші неге ажырасты?

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

11 0 0

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Үш рет тұрмысқа шығып, ажырасып кеткен қазақ эстрадасының жұлдызы Ақбота Керімбекова күйеуден неге бағы жанбағанын «Алматы» арнасындағы «Әңгіме болсын» бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

«Барлық әйел жылайды. Бірақ шүкір, тәубе деу керек. Қиындықтың бәрі – Алланың сынағы. Бақытты біреуге күйеуден береді. Біреуге баладан береді. Енді біреуге қызметінен береді. Бақытты әркім әрқалай түсінеді», — деген әнші еркек атаулыдан бақыт таппағанына еш қынжылмайтынын айтты.  

«Мейлі, күйеуден бағым жанбаған шығар. Енді солай екен деп өлейін бе, не істейін? Болмады, өтті де, кетті. Өткен парақтарды қайта ашудың қажеті жоқ. Сол себептен біз кез келген сынаққа мықты болуымыз керек. Әртүрлі пікір бар. Біреулер кінә өзінен деп жазғырып жатады. Кінә екі жақтан да болады. Өйткені ер азамат өзінің азаматтығын іс-әрекетімен дәлелдемегеннен кейін әйел затының міндетті түрде тілі шығады. Ол заңдылық, менің ғана басымнан өтіп жатқан нәрсе емес. Әрбір отбасында болып жатыр», — дейді Ақбота Керімбекова.

Әнші  тұрмысқа шыққанда  «әйел болайыншы,  біреуге арқа сүйейінші» деген мақсат болғанын атап өтті: 

«Әйтпесе бес байға, он байға тиіп абырой жинау деген тәрбиемде жоқ нәрсе. Ондай санамада, түйсігімде болмаған. Кішкентай күнімде әке-шешем ажырасқан кезде мен өзіме: «Бір-ақ рет тұрмысқа шығамын, балаларым бір әкеден болады» деп ылғи айтатынмын».  

Осылай деп ағынан жарылған әнші өзіне сай ер азаматтың әлі жолықпай жүргенін әзілдеп жеткізді. 

«Басында, жүріп жүрген кезде бәріне «духы» жетіп жүреді де, сосын болмай қалады. Жаңа айтқанымдай, бұрынғы күйеулерімнің ешқайсына өкпелемеймін. Қай-қайсы болса да, бақытты, аман болсын», —деп түйіндеді сөзін Керімбекова.