Ақбота Керімбекова лауазымды қызметке тағайындалды

0

Ақбота Керімбекова Шымкент қалалық мәдениет бөлімі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Әншінің лауазымды қызметке тағайындалғаны туралы жаңалықты құрбысы Индира Елубаева бөлісті.

«Менің досым Ақбота Шымкент қалалық мәдениет бөлімі бастығының орынбасары болды», — деп жазды ол Instagram-да құрбысын жаңа лауазымымен құттықтап.

Бұған дейін тағы бір әнші, «МузАрт» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев Шымкент қалалық мәдениет үйі директорының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған болатын.