Ақбота Керімбекова: Егер мен «Астарлы ақиқатқа» барғанда ондағылармен төбелесер едім — Қазақстан жаңалықтары

0

Әнші Ақбота Керімбекова өзінің лотерея ойнап ақшасынан айырылып қалғаны үшін өз кінәсі жоқ екенін айтты. Сонымен қатар «Астарлы ақиқат» бағдарламасының қызметкерлері өзін эфирге шақырмағанын айтты. 

Әнші өзін жаманатты қылған журналистер қауымына да, желідегі оқырмандарына да, көрерменге де өкпелі. Өзінің сөзін бұрмалап басқаша жеткізуге құмар деп сөкті. 

«Мені мәселен, «Астарлы ақиқатқа» арнайы шақырған жоқ. Егер расында осы лотерея ойынының шындғын ашқысы келсе, мені, Розаны, ұйымдастырушыларды, қатысушыларды бәрін шақырып арнайы эфир өткізсе, маған түсіндіріп айтса барар едім. Олар менен тек пікір алды. Журналистерге берген жауабымда халыққа айтқандай бұрмалап жіберді. Мені жаманатты қылып көрсетті.

Айгүл Иманбаева барғанда жан жақтан талап еді ғой. Айгүлді көкбет де жатты. Мен барсам, тіпті төбелесер едім ондағылармен. Адамды айыптап жатса, ақ-қарасын білмей жатып сөксе, істімегенді істеді деп жатса, қалай ашуланбайсың. Кез келген адамның ашуы бар ғой. Жуас деген адамның өзі ашуына тисе, мінезін көрсетеді», — деді әнші. 

Бұл туралы Керімбекова желіде тікелей эфир кезінде айтты. Өзінің инвесторларға қатысы жоқ екенін атады. 

«Мен егер оқырмандарға инвесторды жарнамаласам, инвестор туралы айтсам, мені айыптауға толық лайық болар едім. Бірақ мен инвестор туралы сөз қозғаған емеспін», — деді ол.


Ақбота Керімбекова: Журналист болсын, желі қолданушысы болсын маған ауыр сөз айтқанның бәрін сотқа берем


stan.kz