Home Жаңалықтар Ақбота Керімбекова: Әншілер желідегі парақшасын базарға не сән көрсететін алаңға айналдырмауы керек

Ақбота Керімбекова: Әншілер желідегі парақшасын базарға не сән көрсететін алаңға айналдырмауы керек

0
510
Сурет: kaz.365info.kz сайтынан алынды

Ақбота Керімбекова әріптестеріне кеңесін айтты. Ақбота ханым желідегі парақшасын сән алаңына не базарға айналдырып жіберген кей әртіске ренжулі. Оның пікірінше, әншінің парақшасы оның айнасындай болу керек, деп хабарлайды Stan.kz сайты.

Ақбота ханым әртістердің парақшасы оның айнасындай болу керек деген пікірде. Парақша саудадан құралған базар алаңына не сән алаңына айналмауы керек дейді ол. Тыңдармандар әртістердің жеке өміріне араласып жатуы әртістердің өз кемшіліктерінен кеткен олқылық деген ойын айтты.

«Өнер адамының жөні бөлек, жолы ауыр келеді. Бұл тұжырымға қарап әртістер өз жүктерін өздері көтере алмай жүр екен демеңіз! Әр әнші өз мұңын өзі арқалап, ғанибетке үміт артып ғұмыр кешіп жүр, әйтеуір. Бірінші атылатын оқ әншіге тиеді, бірінші лақтырылатын тас әртіске тиеді. Олай болуына себеп те бар шығар! Жаны сірі, рухы өр әріптестерім бұған мүжілмеуі керек деп ойлаймын! Әркім өзінің кім екенін сезінуі, білуі керек тек. 

Әлеуметтік желі – парақша иесінің айнасы! Оны әнші әріптестерім базарға немесе сән көрсететін алаңға айналдырмауы керек! Кей отандастарымыздың жеке өмірді талқылай отырып, желкеге отырып алуы және ол әдетке ашынған әртісті жетесіз көруі сол кетіп жатқан кемшіліктерден шығар, бәлкім! Бұл да “бір кем дүние», – деп жазды ол. 

Желідегі тыңдарманы бұл сөзбен келісті. Әркімнің парақшасы өз деңгейін көрсетеді деген пікірлер жазылды.

«Өнердегі менің Бота анашым сізді сағындым. Қайда жүрсеңіз де, не істеп жүрсеңіз де Алла сізге дұрыс жолдарды көрсетсін!🤲Біз сізді қатты жақсы көреміз!», – деп жазды Асылжан Түзелбек.

«Жақсы əнші есебінде қабылдаймын сізді. Бірақ əнші болсын, əртіс болсын бəрі мен үшін мемлекеттің қолшоқпарындағы адамдар», «Жаксы көреміз сізді, аман болыңыз қайда жүрсеңіз де», «Ақбота мен сені жақсы көрем. Сенің өнеріңе тәнтімін. Даусыңды жақсы көрем. Пікірің орынды, дұрыс айттың», деп жазды желі қолданушылары.

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету