Ақбердиева Маңғыстау облыстық сотына сенімсіздік білдірді

0

15 сәуірде Ақтауда сот Маңғыстау облысы прокуратурасының жергілікті тұрғын Айгүл Ақбердиеваның үстінен түсірген апелляциялық шағымын қарай бастады.

Ақбердиева істі қарап жатқан Маңғыстау облыстық сотының құрамына сенімсіздік білдірді. Ол Қазақстан жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асановтың атына жазылған арызының көшірмесін Facebook желісіндегі парақшасына жариялады. Ақбердиева істі басқа аймақтың облыстық соты қарағанын қалайды. Авдокат Жанат Сүндетқалиева да судьяға сенімсіздік білдірді. Бірақ сот екі арызды да қанағаттандырмады.

Прокурордың істі қайта қарау туралы өтінішіне келіскен судья соттың 22 сәуірде жалғасатынын хабарлады.

6 ақпанда Ақтау қалалық сотының судьясы Гүлнәр Байтұрова Қазақстан билігі тыйым салған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысының Telegram чатындағы жазбалары үшін «билікті құлатпақ болды» деп айыпталған Айгүл Ақбердиеваның іс-әрекетінде «қылмыстық құрам жоқ» деп тауып, оны ақтау туралы үкім шығарған.

Кейін Маңғыстау облыстық прокуратурасы Айгүл Ақбердиеваны ақтау туралы сот үкіміне қарсылық білдірген.

Azattyq