«Мас» депутатты видеоға түсірген ер адам кешірім сұрады (видео)

0
1940
Фото: kaz.tengrinews.kz

«Ақ жол» партиясының «мас» депутатын видеоға түсіріп алған азамат әрекеті үшін халықтан кешірім сұрады. Бұл туралы аталған партияның баспасөз өкілі хабарлады.

Ер адам видеоны түсіруге сырттан ешкімнің ықпал етпегенін айтып өтті.

«Біріншіден кешегі Қазыбек Исаға байланысты тараған видеоға қатысты ең бірінші халықтан кешірім сұраймын. Яғни қарапайым адамдар, әсіресе үлкен ағаларымыз менің істеген ісімді дұрыс емес деп баға беріп отыр. Демек мен ресми түрде олардың пікірімен санаса отырып бірінші кезекте халықтан және Қазыбек Иса ағамыздың өзінен кешірім сұраймын.

Шыны керек, Қазыбек аға, сіз халықтың өте жоғары сеніміне ие екенсіз. Ендеше Парламентте нәтижелі жұмыс істеп, елге айна болыңыз дегім келеді.

Екіншіден, ескерту, бұл видеоны мен қандай да бір ұйымдардың не жекелеген адамдардың ықпалымен түсірген жоқпын. Өзім түсіргенімді мойындаймын.

Үшіншіден, менің кешірімімді сіз қабылдайсыз ба, қабылдамайсыз ба, Қазыбек аға, ол өз еркіңізде. Дегенмен егер қабылдамасаңыз заңда көрсетілген жазаны ер азамат ретінде мойныммен көтеруге дайынмын», — деді ер адам.