«Ақ жол» партиясы Асхат Аймағамбетовке «шабуылын» түсіндірді

«Ақ жол» партиясының мүшелері «Асхат Аймағамбетовке неліктен шабуыл жасап жатырсыздар?» деген сыңайдағы қоғамда туындаған пікірге жауап берді. «Дания Еспаеваның депутаттық сауалы қоғамда көп талқыланды. Көбісі бұл «Асхат Аймағамбетовке жасалған шабуыл»деп айтып жатыр. Осыған байланысты партия мүшелері не айтар екен?» — деп сұрақ қойды бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында тілшілердің бірі партия мүшелеріне. Бұл сұраққа жауап берген Берік Дүйсембинов «бұл – Асхат Аймағамбетовке жеке азамат ретінде емес, министр ретінде қойылған сұрақ» екенін жеткізді. «Асхат Аймағамбетовті бүгінгі таңдағы қазақтілді ұлтжанды азаматтардың бірі деп аса құрметпен қараймыз. Ол азамат министрдің орынбасары болған кезде талай сұрақтарымызға тікелей жауап берген. Қарым-қатынасымыз өте жақсы. … Читать далее «Ақ жол» партиясы Асхат Аймағамбетовке «шабуылын» түсіндірді