«Ақ жол!»: Биыл бірнеше жұлдыздың баласы орта мектепті бітірді

0
506

Күні кеше қазақстандық мектептерде соңғы қоңырау өтіп, бірқатар оқушы «Жас түлек» атанды. Мектеп бітіріп, жаңа өмірге қадам басқандар арасында өнер өкілдерінің де перзенттері бар, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Биыл Алтынай Жорабаева да мектепте өткен соңғы қоңырау шарасына қалмай барды. Себебі әншінің қызы орта мектепті бітіріп, білім ордасымен қоштасты. «Қара қызым — дара қызым. Барлық түлектерге ақ жол. Оқу жылының аяқталуымен баршаңызды құттықтаймын», — деп жазды әртіс. Оған қоса Жорабаева Instagram парақшасында қызымен түскен суретін де бөлісті.

Аса маңызды күнде баласының қасынан Маржан Арапбаева да табылған. Ол ұлының мектеп бітіруіне орай, соңғы қоңырауда көпшілік үшін ән салып берген. «Бүгін үлкен ұлымыз Даниял мектеп түлектерінің қатарына қосылып, 4-мектеп гимназиясын аяқтады! Басқан қадамын құтты болып, алар асуларын көп болсын балам. Барша оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын», — деп жазды ол.

Сондай-ақ Айгүл Елшібаеваның да ұлы биыл мектеп қабырғасында соңғы жиынын өткізіп, үлкен өмірге қадам басты. «Бүгін Ерасылым 11-сыныпты, Сұлтаным 1-сыныпты бітірді. Тарыдай болып кірген балам, таудай болсын, таудай болып шыққан балапандарымның қадамдары құтты болып, әкесінің патшаларының армандары орындалсын», — деп жазды ақын.